377
Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен ер кісінің қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға қала орталығындағы азық-түлік дүкенінде болған. Ер кісі дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung ұялы телефоны мен темекі өнімдерін ұрлап кеткен. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ұрлық қылмысы бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.