Дәрігерлер 68 жастағы Алматы тұрғынына көру бақытын сыйлады

320

​«Сол жақ көздің глаукомасы, асқынған катаракта» деген диагноз қойылған 68 жастағы зейнеткер Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана мамандарының көмегіне жүгінген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызмет.

Дәрігерлер оның көзіне күрделі ота жасап, көру қабілетін қалпына келтірді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, пациенттің екінші көзі мүлде көрмей қалған. Яғни, оң жақ көз IV деңгейлі глаукома, яғни зағиптық стадиясына өтіп кеткен. Бөлімше меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова бастаған мамандар әжейдің жасы, жоғарғы қан қысымы сынды қосымша сырқаттарына қарамастан күрделі ота жасау туралы шешім қабылдады.

Асқынған катарактаға ота жасалып, көзге жасанды қарашық орнатылды. Операция жарты сағатқа созылды. Бұл пациентті катарактадан арылтып, көру қабілетін қалпына келтірудің жалғыз жолы болатын, дейді дәрігер.

«Жоғары қан қысымын, оның үстіне, аяқ жолын көруге сеп болып отырған жалғыз көзге ота жасау қажеттігін ескере отырып, алдымен науқастың денсаулығын реттеуге күш салдық, дайындадық. Мұндай күрделі операция пациент үшін ғана емес, хирург үшін де қауіпті болды. Пациенттің бақытына қарай, офтальмологтардың біліктілігінің арқасында ота сәтті өтті. Қазір пациенттің көзі жақсы көреді», – дейді маман.

«Керемет! Мен ендігі су қараңғы болып қалған шығармын деп ойлайтынмын. Бұл кереметті жасаған Гүлзат Талғатқызына алғысым шексіз! Ота жасап, маған жарық дүниені көру бақытын сыйлады. Дәрігерлердің деніне саулық, бақыт тілеймін. Алдағы уақытта да жұмыста табысты болыңыздар, ақ халатты абзал жан деген құрметке лайық болыңыздар! Осынша адамға көз жанарын «қайтарып», көруге мүмкіндік сыйлап жатқан қолдарыңыз дерт көрмесін», – деді апа.

Естеріңізге сала кетсек, Орталық қалалық клиникалық аурухана Алматының ғана емес, республика өңірлерінің халқына жоспарлы офтальмологиялық көмек көрсететін оңтүстік астанадағы жалғыз қалалық аурухана. Осы жылдың 9 айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде 600-ге жуық ота жасалды. Олардың басым бөлігі осындай жоғары технологиялық күрделі оталар.

Алдыңғы пост
Дауыс беру күні 20 қарашада Қазақстанда 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады
Келесі пост
Қарағандыда хирургтар Қарағандыда “иілгіш шегелердің” көмегімен балалардағы сынықтар емделуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu