Дәрігерлер жүрегіне пышақ сұғылған жас жігітті аман алып қалды

Теги: , , ,
510

Жамбыл облысы Сарысу ауданында дәрігерлер жүрегінде пышақ жарақаты бар 23 жастағы жас жігіттің өмірін сақтап қалды.

Пациент жарақат алғаннан кейін 5-7 минуттың  ішінде қанның жартысынан көбін жоғалтып, ауруханаға ес-түссіз, нөлдік қысыммен жеткізілген.

Пышақ сыртқы қабыққа, жүректің сол жақ қарыншасына, сондай-ақ сол жақ өкпенің тамырына тиген.

Бірнеше минуттың ішінде пациент операциялық үстелге жатқызылған. Операция 1 сағат 20 минутқа созылды. Онда торакотомия жасалды. Бұл жүректің сол жақ қарыншасының жарасына қол жеткізуге және тігуге мүмкіндік беретін кеуде қуысын ашуды білдіреді. Мұндай жарақаттың күрделілігі: операция және жараны тігу жүректің соғуын тоқтатпай жұмыс істейтін жүрекке жасалады.

Денсаулық сақтау министрдігінің хабарлауынша, дәрігерлер жарақатты тігіп, қан кету қаупін жойған. Содан гемодинамика қалпына келген Хирургтар Қайрат Әжібеков, Ержан Досалиев және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Дәурен Әбдіров жасаған операция сәтті өтті. Пациенттің өміріне төнген қауіп жойылды. Жағдай тұрақталды.

Хирург дәрігер, аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Қайрат Әжібековтің айтуынша, көбіне жүрек пен өкпенің мұндай жарақаттары өліммен аяқталады. Бұл пациентті періштесі қаққан.

Алдыңғы пост
Шымкентте төрт күнде 74 көлік айыптұраққа қойылды
Келесі пост
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті vi сессиясы өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu