Дауыс беру күні 20 қарашада Қазақстанда 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады

278

​Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста дауыс беру күніне сайлау учаскелерінің әзірлігі мәселесі қаралды, деп хабарлайды ОСК.

Отырысқа бейнеконференцбайланыс режиміндегі облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, офлайн режимде БАҚ өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ/ДИАҚБ және ТМД миссияларының халықаралық байқаушылары қатысты.

Отырысты аша отырып, ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров «Біздің басты міндетіміз – сайлау органдарының, барлық сайлау инфрақұрылымының 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге 100% дайындығын қамтамасыз ету»,- деп атап өтті.

Күн тәртібі шеңберінде облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне әзірлігі, оның ішінде сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, олардың мүгедектігі бар азаматтар үшін физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, сайлау бюллетеньдерін учаскелерге жеткізу, сондай-ақ дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты туралы баяндады.

Ұсынылған жедел мәліметтер бойынша заңнамаға сәйкес кейбір сайлау учаскелерінде дауыс беру уақытын таңертеңгі сағат 6.00-дан бастап белгілеу туралы шешім қабылданды. Республика бойынша мұндай учаскелер – 86. Әскери бөлімдерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған сайлау учаскелерінде, егер тізімге енгізілген барлық сайлаушылар дауыс берсе, учаскелік сайлау комиссиясы кез келген уақытта дауыс беруді аяқталды деп жариялай алады.

Дауыс беру күні Республика бойынша барлығы 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау органдары мен инфрақұрылымның дауыс беру күніне дайындық мониторингі мақсатында ОСК мүшелері 28 қазан мен 16 қараша аралығында барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларға, сондай-ақ елдің аудандары мен ауылдарына, барлығы 53 қала мен ауданға инспекциялық сапарлармен барды. Сапар барысында ОСК мүшелері 155 сайлау учаскесін материалдық-техникалық жарақтандырумен, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасаумен, сайлаушылар тізімімен жұмыс жасаумен, сондай-ақ электоралдық оқытуды ұйымдастырумен танысты. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрлан Әбдіров жергілікті атқарушы органдарға дауыс беру күні сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды: электр энергиясын, жылуды үздіксіз беру, автокөлікпен қамтамасыз ету.

Сайлау комиссияларының мүшелеріне дауыс беру күні сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес қатаң түрде өтуі тиістігін еске салып, дауыс беру күні табыс пен жемісті жұмыс тіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өтті.

Алдыңғы пост
​Талдықорғанда орта жастағы ер кісі 12 жасар қызды қыр-соңынан аңдып, тиіспек болған
Келесі пост
Дәрігерлер 68 жастағы Алматы тұрғынына көру бақытын сыйлады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu