Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК жазуынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдер республиканың көп бөлігіне жаңбыр, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жауын-шашын болады.
1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде күтіледі. Республиканың батысында ғана салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фоны бар жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады. Еліміздің көп бөлігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.
“Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасы түнде 0-8, күндіз 10-23 жылы, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, күндіз 18-25 жылы күтіледі. Түнде солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 3 градусқа дейін үсік күтіледі” делінген хабарламада.