Екібастұзда жылу электр орталығының учаске бастығы өлі табылды

206

Екібастұзда жылу электр орталығы учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Бұл туралы ақпарат Instagram пабликтерінде пайда болды. Ондағы мәліметке сенсек, 33 жастағы ер кісінің мәйіті ВАЗ-21099 автокөлігінің салонынан табылған. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Екібастұз қалалық полиция басқармасындағылар ЖЭО учаске бастығының өлімін растады. Олардың дерегінше, оқиға марқұмның гаражында болған. Алдын ала болжам бойынша ол отбасылық жанжалдан соң гараждағы көлігіне барып, газға уланып көз жұмған болуы мүмкін.

Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Шымкентте құрылыс-жол жұмыстарының қарқыны төмендемейді
Келесі пост
Солтүстік Қазақстанда 50 бас жылқы мұз суға батып өлген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu