Қазақстанда атом электр станциясы салынатын болды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде мәлімдеді.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын айтты.
“Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер.
Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом станциясын салуға әбден қақымыз бар. Кейбір сарапшылар шағын ядролық станциялар салу керек деген пікір айтады. Алайда көптеген азамат пен бірқатар сарапшы ядролық станцияның қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды.
Семей полигоны халқымызға қаншама қасірет әкелгенін ескерсек, олардың күдігін түсінуге болады. Сондықтан бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдауларды, егжей-тегжейлі, кең ауқымды талқылауларды жалғастыруымыз керек”,-деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жоладуы кезінде еліміз маңызды стратегиялық мәселелерге қатысты түпкі шешімді референдум арқылы қабылдау қажеттігін атап өтті. Бұл – 2019 жылы сайлау алдында менің халыққа берген уәдесі екенін алға тартты.
“Атом электр станциясын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз”,-деді Мемлекет басшысы.