351
Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы гараждардың бірінде тұрған көлік ішінен ер кісінің мәйіті табылды.Полицейлердің дерегінше, тұрғын көлік ішінде уланып көз жұмған. Оқиға 8 қарашада болған. Мәйітте ешқандай зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
«Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану нәтижесінде болған. Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауда» деп атап өтті Ақмола облыстық Полиция департаментіндегілер.