Хабарландыру

755

«Мемлекеттік кәсіпорының басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісі қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына сәйкес, «Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Шымкент сушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директорының бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурстың өткізілетін күні: осы хабарландыруды жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін белгіленеді.
Құжаттар қабылдау күні: 2023 жылдың 02 наурыз – 16 наурыз аралығында
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 2023 жылдың 20 наурыз, Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй, 15 қабат.

Кәсіпорынның атауы, орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:«Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шымкент сушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, Шымкент қаласы, Айқап шағын ауданы, Жұлдыз көшесі, №31

Кәсіпорын қызметі:

– мемлекеттік меншігіндегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп ұстау, жөндеу, реконструкциялау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады;

– кәсіпорнынның басты мақсаты ағын сумен қамтамасыз ету болып табылады;

Лауазымдық міндеттері

Су шаруашылығы қызметі саласындағы ұйымның (филиалдың) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

ұйым (филиал) мүлкінің сақталуын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

ұйымдардың банктерді қоса алғанда, мемлекеттік бюджеттің, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорларының, өнім берушілердің, тапсырыс берушілердің және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарын (келісімшарттарын), индикативтік жоспарлар мен бизнес-жоспарлар көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз етеді;

қазіргі заманғы техника мен озық технологияларды, еңбекті басқарудың және ұйымдастырудың прогрессивтік нысандарын пайдалану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады;

ұйымды (филиалды) білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

ұйымның (филиалдың) қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді шешеді;

ұйымның (филиалдың) штаттық кестесін, қаржылық жоспарын, жылдық есебін және жылдық бухгалтерлік теңгерімін бекітеді;

жұмыскерлерге уақтылы және толық көлемде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етеді;

ұйымның (филиалдың) ұйымдастыру-басқарушылық құрылымын, жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіреді;

ұйымның (филиалдың) қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;

сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда ұйымның (филиалдың) мүліктік мүдделерін қорғайды;

ұйым (филиал) жұмыскерлерінің қосымша кәсіби білім алуын (біліктілікті арттыру, кәсіби қайта даярлау) ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

ұйым (филиал) жұмыскерлерінің өз лауазымдық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

ұйым (филиал) жұмыскерлерінің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын орындауын қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және қорғау қағидаларын және нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді;

конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысады;

өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді;

өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шараларды қабылдайды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады.

Біліктілікке қойылатын талаптар: химиялық технология мамандығы бойынша жоғарғы білім және басшы лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем емес

Білуге міндетті:

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Конституциясы);

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексін (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Жер кодексі);

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін (бұдан әрі − Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі);

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексін (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының Су кодексі)
“Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі − “Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заң);

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі − “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заң);

“Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” 1997 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі − “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заң);

ұйымның (филиалдың) өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін және экономика дамуының басым бағыттарын және экономикалық қызметтің тиісті түрін айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы қызмет саласындағы ұйымның (филиалдың) өндірістік қызметі мәселелері бойынша басшылық, нормативтік, нұсқаулық және әдістемелік материалдарды;

ұйым (филиал) құрылымының мамандануын және ерекшелігін;

кірістер мен шығыстардың бюджеттік сметасын және ұйымның (филиалдың) табыс әкелетін қызметінен алынған қаражат бойынша кірістер мен шығыстар сметасын жасаудың және келісудің тәртібін, ұйымның (филиалдың) шаруашылығын жүргізу және басқару әдістерін, тиісті ауыл шаруашылығы саласының ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесін, еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық заңнама негіздерін, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын; еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды білуге тиіс.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:
конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

еркін нысанда жазылған өмірбаян;

білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

он сегіз жасқа толмаған;

бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Құжаттар мына мекенжайға тапсырылуы тиіс:
Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10-үй, 14 қабат. Анықтама шін сымтетік: 8 (778)360-40-08

Алдыңғы пост
Шымкентте көктемнің алғашқы күнімен әскерге шақыру науқаны басталады
Келесі пост
Хабарландыру

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu