​Халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы 73 млн теңгеден астам ақшалай сыйлық алды

188

​Халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 оқушысы 73 млн теңгеден астам қаржы алды. Олардың ұстаз-тәлімгерлері де біржолғы ақшалай төлемдер алды.

Қазақстандық оқушылар олимпиадаларға қатысу тарихында алғаш рет ақшалай сыйақыға ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дарынды балаларды ынталандыру жөніндегі тапсырмасының арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ 27 медаль иегері еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алады.

Оқушылар білімдері арқасында тапқан сыйақыны қалай жұмсауды жоспарлап отырғандарын айтты.

«Биыл осындай беделді олимпиадаға алғаш рет қатыстым. Оған көп дайындалдым. Әрине, Оқу-ағарту министрлігінің ел ішінде өткізген олимпиадаларының арқасында елімізді әлемдік аренада лайықты көрсетуге мүмкіндік алдым. Елімізді абыроймен таныта алғаныма қуаныштымын. Географиядан қатысқан олимпиадада жеңіске жеткенім үшін алған ақшамның бір бөлігін депозитке салуды жоспарлап отырмын. Қалғанын ата-анама беремін. Мұндай ақшалай марапаттар бізге үлкен ынта-жігер, мотивация береді, келесі жылы бәсеке бұдан да жоғары болатынына сенімдімін. Алдағы жылы осы олимпиадаға тағы да қатысқым келеді», – деді географиядан халықаралық олимпиаданың (IGeO) алтын жүлдегері Санжар Хамитов.

Қалған жеңімпаздар да алған жүлделерін депозитке салып, ата-аналарына берді. Сонымен қатар сыйлықтар сатып алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Оқу-ағарту министрлігі халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына 1,5 млн-нан 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы тағайындаған болатын. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай, биыл тізімге 7 олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 олимпиадамен толығады.

2022 жылы ұлттық құрама ел қоржынына 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль әкелді.

Алдыңғы пост
Шымкентте кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Келесі пост
​Димаш Құдайбергенді әлемге танытқан «Опера-2» әнін орындаған жас қыз көпті таң қалдырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu