415
Астанада 33 жастағы әйел таныс құрбысын үйіне қонаққа шақырамын деп бар алтынынан айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, ол үйіне келген қонақпен әңгімелесіп отырып, бірге ішімдік ішкен. Кейін ұйықтап қалғанда мейман әйел үйдегі алтын бұйымдарын үптеп кеткен. Келтірілген шығын 312 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаланың 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Елордалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел кінәсін мойындады.