Көлік басқару құқығынан айырылса да рөлден түспеген шымкенттік қамауға алынды

Теги: , ,
338

Шымкентте жедел басқару орталығының бақылаушы инспекторлары “Қорғау” қосымшасының көмегімен кезекті заң бұзушыны анықтады.

Темірлан тас жолының бойында көлік басқару құқығынан айырылған азамат «Ravon R3» автокөлігін тізгіндеп бара жатқан. Бұл туралы автоматты жүейеден хабар келген. Инспекторлар “қауіпті жүргізушіні” тоқтату үшін патрульдік полиция полкінің автоэкипажына шұғыл бағыт-бағдар берген. Нәтижесінде  тәртіп бұзушыны Ақпан батыр- Жібек жолы көшелерінің қиылысында тоқтату мүмкін болды.

Полиция хабарлауынша, жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында ағымдағы жылдың наурыз айында мас күйде көлік басқарғаны үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.

Жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк басқаруы» бойынша хаттама толтырылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Темір тұлпар бірден айып тұрағына жеткізілді.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері «Қорғау- қауіпті жүргізуші» қосымшасының көмегімен көлік басқару құқығынан айырылған 90 тұлға жауапқа тартылды.

Алдыңғы пост
Қазақстанда 36 мың адам лудоманияға шалдыққанын мойындаған
Келесі пост
Таиланд қазақстандықтар үшін уақытша визасыз режимді енгізеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu