«Көлік ұтып алдыңыз»: Астана тұрғыны түркістандықты оп-оңай арбауына түсірді

25

Түркістан қаласында тұратын ер кісі алаяқтың құрбаны болды. Оның айтуынша, белгісіз біреу телефон арқылы қоңырау шалып, көлік ұтып алғаны туралы хабарлап айтқан. Алайда оны  алу үшін алдын ала 150 мың теңге аудару керектігін жеткізіпті. Жалған ақпаратқа сеніп қалған ер кісі бейтаныс адамның шотына ақшаны оп-оңай аудара салған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Күдікті деп танылған жұмыссыз ер адам Астана  қаласынан тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Жауап алу кезінде елорда тұрғыны жәбірленушіні алдап соққанын, оңай олжамен тапқан ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергенін айтқан. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Жамбылда есірткі саудасымен айналысқан екі тұрғын ұсталды
Келесі пост
Алматылық жас жігіт үйіне жетіп алу үшін екі жасөспірімді тонап кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu