Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ қалалық филиал ғимаратына тінту жүргізді.
Әлеуметтік желіде тінту жүргізу сәтінің видеосы пайда болды. Онда арнайы көлікпен келген қаруланған бірнеше адам ғимаратқа кіріп, кабинет есігін бұзып кіреді.
Бұл видеоға қатысты “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ баспасөз қызметі жауап берді. Олардың мәліметінше, тінту 1 қыркүйекте жүргізілген.
«Тінту барысында жер учаскелерінің шекараларын заңсыз ауыстыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу шеңберінде бірқатар жер-кадастрлық істер тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі таңда ҰҚКД-дан жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша мемлекеттік корпорация атына түсініктеме берілмеген. Осыған байланысты, толық ақпарат алу үшін жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға жүгіну қажет екенін хабарлаймыз» делінген мәліметте.