Кәсіп ашып, нәпақа таппақ болған тұрғындар алаяққа оңбай алданды

Теги:
314

Түркістан облысы Келес ауданында кәсіп ашып, табыс таппақ болғандар тұрғындар алаяқтың құрбаны болды. Атап айтқанда, аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағым түсірген. Әйел өз арызында танысы «кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, қайтарымсыз жәрдемақы алып беремін» деп сендіргенін жеткізді. Сонымен қатар ол жәбірленушіге Шымкент қаласынан жер телімін алуға көмектесемін деп те уәде берген. Танысының сөзіне сенген тұрғын, оған 2 миллион теңгесін санап беріпті. Алайда ақшаны алған ол ұшты-күйлі жоқ болған. Хабарласқанда түрлі сылтаулар айтып, тіпті 1 жылға жуық уақыт өткізген. Алаяқтық жолмен тұрғынның ақшасын алып, уәдесін орындамаған күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.

«Оның тағы бірнеше тұрғынды алдағаны белгілі болды. Анықталғандай, күдікті таныстарына мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп жалған уәде берген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Жұмыссыз жүрген ер адам жалпы 5 тұрғынды алдап, 6 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда ол қамауға алынды. Тәртіп сақшылары оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде» делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
​Шымкентте 50 жаңа балалар және тоғыз спорт алаңы салынды
Келесі пост
Алматы облысында әкесі мен үш ұлы газдан уланып көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu