Түркістан облысы Келес ауданында екі күтушісіне сенген зейнеткер сан соғып қалды. Күдіктілер қарияның атынан 4 млн теңге несие рәсімдеп алған.
Полицияға арызданған егде жастағы тұрғынның айтуынша, белгісіз біреулер оның атынан қомақты несие рәсімдеген. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Жәбірленушінің шағымына сәйкес, полицейлер қажетті іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 3 күдікті әйел анықталды. Олар жұмыссыз, жергілікті тұрғындар болып шықты.
Анықталғандай, күдіктілердің екеуі қарияның үйінде күтушісі болып жұмыс жасап, сеніміне кірген. Содан ұялы телефонындағы банк қосымшасын пайдаланып, ірі көлемде несие рәсімдеген.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.