387
Атырау облысында әкесі мен баласы суға батып кетті. Оқиға кеше, 25 тамыз күні орын алған. Бұл туралы құтқарушыларға полицейлер хабарлаған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі тұрғынды іздестіру жұмыстарына 4 қызметкер, 1 жүзу құралы, Атырау облысы Полиция департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.
Құтқарушылар Жайық өзенінен алдымен 27 жастағы ер адамның денесін алып шыққан. Кейінірек 9 жасар ұлының мәйіті шығарылған. Олар шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға батып кеткен екен.