​Киім дүкеніне ұрлыққа түскен тұрғын сотталды

Теги:
386

Шымкентте қаладағы киім дүкендерінің біріне ұрлыққа түсіп, кассадағы 240 мың теңгені қолды қылған ер кісіге сот үкімі шықты. 28 жастағы тұрғын сауда орнына терезесін бұзып кіру арқылы арам пиғылын жүзеге асырған.

Тергеу барысында ер азамат мұндай қадамға қордаланған қарыздарынан құтылу үшін барғанын айтқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген.

Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларын, жасаған қылмысының қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, оның жеке басының деректерін ескере келе, оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану қажет деп тапты. Сот үкімімен ер кісі 3 жылға сотталды.

Алдыңғы пост
​25 жастағы жігіт лото-клубты тонап кетті
Келесі пост
​Мамандандырылған ХҚКО қызметкері жалған құжаттарды жасап келген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu