Үкімет басшысы Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Теги:
287

Премьер-министр Әлихан Смайылов облысының активіне жаңа әкімді таныстырды. Үкімет басшысы өз сөзінде Президент өңір басшылығының алдына азаматтардың әл-ауқатын арттыру, туризмді, агроөнеркәсіп кешенін және басқа да салаларды дамыту бойынша міндеттер қойғанын атап өтті. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өңір басшылығы экономиканы барынша әртараптандыру бойынша жұмысты жандандыруы қажет. Тұрғындарды жұмыспен қамтып, азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, халықты газбен және сумен жабдықтау, сондай-ақ мектептегі орын жетіспеушілігін жою мәселелеріне бірінші кезекте назар аудару қажет», – деді Премьер-министр.

Бұл орайда Үкімет басшысы облыс әкімдігінің жұмысы халықпен тиімді диалог негізінде құрылуы тиіс екеніне назар аударды. Сонымен қатар қазіргі уақытта туризмнің облыс экономикасының негізгі салаларының бірі екенін, сондықтан отандық және шетелдік туристер үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр Өмірзақ Шөкеевке маңызды халықаралық, саяси және мәдени оқиғалар болып тұратын ең әдемі облыс орталықтарының біріне айналған Түркістан қаласының және өңірдің дамуына қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.

Алдыңғы пост
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды
Келесі пост
Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысы ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu