Компания басшылары жас әйелден интимдік жазбалары үшін 40 млн ақша бопсалаған

Теги:
307

Астаналық полицейлер 40 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады. Polisia.kz жазуынша, елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компанияның атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды таратамыз деп одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Полиция қызметкерлері қос директорды ақша алу барысында қылмыс үстінде ұстады. Олардан 2 млн теңге тәркіленді. Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алдыңғы пост
Түркістандық әйел танысының атынан несие алып, ақшаны құмар ойынға тігіп жіберген
Келесі пост
Павлодарда лифт ішінде дәрет сындырған ер кісі видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu