Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі Шымкент қаласында ынтымақтастық орнатуға дайын

Теги: ,
336

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Кэтрин Джейн Личпен арнайы ресми кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – елдер арасындағы ынтымақтастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа перспективаларын айқындау.

Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар Қазақстан тәуелсіздік алған күннен басталған. Бұл жылдар аралығында мемлекетаралық байланыс сындарлы түрде нығая түсті.

Мәселен, екі ел ынтымақтастығының бір көрсеткіші – қалалар арасында тығыз байланыс орнату. Стивендж қаласы мен Шымкент бауырлас қалалар. Екі қала арасында бұл күнде туризм бағыты бойынша байланыс бар.

Кездесу сәтінде қала әкімінің орынбасары Н.Ергешбек елшілік өкілдеріне қаланың экономикалық әлеуетін таныстырып өтті.
Инвестиция тарту – қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі. Екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында екі елдің инвестициялық әлеуеті мен тартымдылығы туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру қажет екені айтылды. Кездесу нәтижесінде екі ел арасында игілікті жобалар жүзеге асады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттік делегаттар Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында іскерлік кездесуде болып келген. Шілденің 4-7 аралығына жоспарланған жұмыс сапарына қала әкімінің орынбасары М.Исахов бастаған делегация құрамында кәсіпкерлік, цифрландыру, ауыл шаруашылық, табиғатты қорғау саласы басшылары мен аудан әкімдері және қалалық маслихат депутаттары мен білім беру және бизнес өкілдері бар.

Шара барысында Шымкент пен Сиань әкімдіктері, қалалық Мәслихат пен Халық құрылтайы өкілдері, Жоғары оқу орындары, жеке және орта бизнес өкілдері арасында екі жақты В2В кездесулері ұйымдастырылып, өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, озық технологиямен жабдықталған арнайы кәсіпорындарды аралау жоспарланған.

Іс-сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында қол қойылған өзара серіктестік орнату туралы меморандумға сәйкес тараптар арасында жан-жақты байланыс орнатып, өзара тәжірибие алмасу.

Алдыңғы пост
Шымкенттік делегация Сианьде іскерлік кездесулер өткізуде
Келесі пост
Алтынтөбе тұрғын алабында жол мәселесі келесі жылы толық шешімін табады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu