Маңғыстаудағы бір мектепті екі-ақ түлек бітірді

Теги: , ,
229

Биыл Маңғыстау облысында 7439 оқушы мектеп бітірді. Ал өңір бойынша Сарға ауылындағы Бейнеу мектеп-интернатында оқушы санына байланысты тек 2 түлек 11-сыныпты бітірді.

Бұл туралы mangystaumedia.kz жазды. Бейнеу мектеп-интернатында соңғы қоңырау соғылып, 11-сыныпты тек екі қыз бала аяқтады. Негізінен бұл ауылда екі мектеп бар. Оның бірі Ә.Жангелдин атындағы білім ордасы болса, екіншісі Бейнеу мектеп-интернаты. Алғашқысында 350-ден астам оқушы білім алады. Ал интернатта оқушылар саны тек 100-ден асады. Мектеп басшысының айтуынша, көбі жақын маңдағы ауылдар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары.

“Былтыр осы сыныпта көрші ауылдан екі ер бала келіп оқыған еді. Алайда 11-сыныпқа көшетін уақытта олар кетіп қалды. Себебі  дене тәрбиесі секілді сабақтар ер балалар үшін қызықсыз болды. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның 50-і интернатта жатады. Оқушыларға 29 мұғалім сабақ береді. Бізде 11 сыныпқа дейін оқушылар іріктеліп, тек екеуі ғана қалды. Көбі 9-сыныптан кейін колледжге түсті”, – дейді мектеп директоры Айса Сағындықов.

Білім ұясы басшысының айтуынша, бір сыныпта екі оқушының ғана болуы өте қиын көрінеді. Мәселен, білім алуда бәсеке атаулы мүлдем болмайды екен.

“Оқушы аз болған жерде мүлдем өзара жарысып оқу деген болмайды. Егер сыныпта 15-20 оқушы болса, сабақ қызықты бола түсетіні сөзсіз. Ал екі оқушы болғаннан кейін оларды ынталандырып, қызықтыру мұғалімге оңай емес. Біздің биылғы түлектердің екеуі де қыз балалар. Алда өздері қалаған оқу орнына түсеміз деп отыр”, – дейді мектеп басшысы.

Алдыңғы пост
Қазақстандағы ең көп бала Түркістан облысында тұрады
Келесі пост
Септиктен 4 жасар баланың мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu