534
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ер кісі мешітке құлшылық жасауға барамын деп велосипедінен айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, мешітке намаз оқуға велосипедін мініп келген. 10 минуттан кейін сыртқа шыққанда «Asbike» маркалы велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Алматы қаласынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, бұрын сотты болған ер азамат болып шықты. Ұрланған велосипед тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер кісінің айтуынша, ол үйіне жетіп алу үшін ұрлық жасаған екен.