Нұртас шағынауданы тамыз айында табиғи газбен қамтылады

Теги:
314

Бүгінде 2873 тұрғын қоныстанған Нұртас шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме қазір елдімекенге ұзындығы 1,5 шақырымнан тұратын құбыр жүйелерін тартуда.
Бүгін қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге газдандыру жұмыстарын пысықтады. Нысан пайдалануға берілгенде елдімекен тұрғындары толық табиғи газбен қамтылады.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газбен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізіп, өндірістік кестеге сай тамыз айында абоненттерді көгілдір газға қосуды тапсырды.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада газдандыру бойынша 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ елдімекендерінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Мегаполисте жыл қорытындысымен табиғи газбен қамту көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарлануда.
Ал бұған дейін солтүстік саяжай шағынауданына табиғи газ берілген болатын. Биыл қалада табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы 6 нысанда жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаударында атқарылуда.
Бүгінде Солтүстік Саяжай елдімекеніне көгілдір газ берілді. Шағынауданда құрылыс жұмыстары былтыр сәуір айында басталған болатын. Жалпы абонент саны 6 мыңға жуықтайтын елдімекенде құрылыс толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары басталды.
Мегаполис тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұртас шағынауданын толық газдандырып, Ынтымақ-2 елдімекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін елдімекендердің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жететін болады.
Соынмен қатар, Асар-2 тұрғын алабында табиғи газ құбыры іске қосылды. Мердігер мекеме арқылы ұзындығы 24 шақырымдық құбыр жүргізіліп, нәтижесінде 1 046 абонент табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіндік алды. Алдағы уақытта жергілікті халық “ҚазТрансГазАймақ” акционерлік қоғамымен техникалық шарт жасасу арқылы өтініш білдіріп, газ желісін пайдалана алады. Сондай-ақ, биыл тұран шағынауданы табиғи газбен толық қамтылады. Шымкент қаласы Тұран ауданының аумағында орналасқан 6 нысанға газ құбырларын жүргізу жұмыстары межеге сай жүргізілуде. Олар Тассай, Тұран 3-ші кезек, Асар-2, Сауле шағын ауданы, Солтүстік саяжай, Бозарық аталатын нысандар. Сонымен Тұран шағын ауданын газбен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының 3-кезегі биыл аяқталатын болады. Мердігер мекеме 2022 жылдың мамыр айында ішкі орамдық жүйелердегі нысан құрылыстарын бастап, қазіргі күнге дейін жұмыстың 95 пайызын орындаған. Жоба бойынша Тұран шағынауданында 2 554 тұрғын үй 2023 жылдың маусым айында табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие.

Алдыңғы пост
Мониторинг нәтижесі: Дулати көшесі орташа жөндеуден өтті
Келесі пост
Шымкентте «қамқорлық» орталығы жүзге жуық балаға оңалту шараларын жүргізуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu