​Науқас зейнеткердің үй күтушісі 1 млн теңгесін жымқырған

356

Теміртауда үй қызметшісі науқас зейнеткердің жиған ақшасын үптеп кеткен. Polisia.kz жазуынша, полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреу пәтерден 1миллион теңге ақша ұрлап кеткенін айтқан.

Оқиға орнын тексеру барысында үйге бөтен біреудің кіргені бойынша ешқандай іздер анықталмаған. Жәбірленушінің айтуынша, бұл пәтер өзінің науқас анасына тиесілі, анасы ешқашан далаға шықпаған. Сондай-ақ ол анасын күту үшін үй қызметшісін жалдағаны белгілі болды. Үй қызметшісі науқас азаматшаның жинаған ақшасын қай жерде сақтайтынын білген. Ал ұлы болса үй қызметшісінің қылмысқа бармайтынына сенімді болыпты. Алайда полиция қызметкерлерінің қылмысты ашу бойынша жүргізген іс-шаралары барысында алғашқы күдік сол азаматшаға түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 жастағы азаматша ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу әрекеттері барысында күдікті ақшаның қай жерде тұрғанын біліп, қомақты қаражатты алып кеткенін мойындады.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуына не әсер ететіні талқыланды
Келесі пост
​Студент жігіт аулада тұрған көлігін ұрлатып алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu