​Ойынхана клиенті кассадағы 1 млн теңгені жымқырып кетті

Теги: ,
357

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы ойынханалардың біріндегі кассадан 1 миллион теңге ұрланды. Полицияға ондағы қызметкер хабарласқан. Оның айтуынша, таңғы уақытта жұмысшы қыздар ұйықтап жатқанда белгісіз біреу кассадағы қомақты ақшаны жымқырып кеткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары кезінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің жеке басы анықталған. Ол тұрғылықты жерінен санаулы сағаттарда ұсталған.

«Күдікті – осы ойынхананың тұрақты келушісі. Ұрлық болған күні ол ойынханада болған. Сағат 06:30 шамасында кассада отыратын қыздардың ұйықтағанын пайдаланып, ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен. Оңай жолмен келген ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар ойынхана қызметінің заңдылығын тексеру бағытында кешенді іс-шаралар атқарылуда» деп атап өтті ведомстводан.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтар Иранда 2 апта визасыз бола алады
Келесі пост
​Ақшадан қысылған әйел дүкеннен азық-түлік алып, бірақ ақшасын төлемей кеткен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu