Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында кәмелет жасына толмаған жас қыз жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған. Полицейлер сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады. Сауналардың бірінде 46 жастағы азаматша интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Сонымен қатар 53 жастағы әйелдің жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқаны белгілі болды. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.