Оралда асылып өлмек болған ер кісі аман қалды

435

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ер кісі суицид жасап, өмірімен қоштаспақ болды. Ол өзіне қол салатынын айтып, қарындасына видео жіберген екен. Оны көрген әйел азаматы дереу полицияға хабарлап, көмек сұраған. Оқиға кешкі сағат 20:52 шамасында болған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, хабарлама түскен бойда көрсетілген мекенжайға учаскелік полицей аттанған. Оқиға орнына келіп жеткен ол үйдің іші-сыртын түгел тексеріп, ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген.  Десе де үйде болған жанның алысқа кете қоймағанын үстел үстіндегі ішімдіктерден, теледидардың қосулы тұрғанынан аңғарыпты. Сөйтіп сыртқа шыққанда үйдің жанындағы қосымша бөлмеде жарықтың жағулы тұрғанын байқаған. Бөлме есігін ашқанда ер кісінің өз-өзіне қол жұмсап, асылып тұрғанын көреді.

Тәртіп сақшысы суицидке барған тұрғынды жіптен шешіп, алғашқы көмек көрсете бастаған. Тез арада жедел жәрдем шақырып, өлім аузынынан аман алып қалған.

«Сол сәтте оның өмірі менің қолымда тұрғандай сезіндім. Ол екі мәрте өмірімен қоштасуға тырысқан. Біріншісінде жібі үзіліп кетіп, екіншісінде мен келіп үлгердім. Ол есінен танып қалды. Өмір сүру белгілерін көрсетпеді. Бетінен ұрғылап, қолымнан келген көмегімді көрсеттім. Бірнеше секундтан кейін әлгі ер адам терең дем алды»,-деді полиция инспекторы Елжас Серікқалиев.

Тексеру кезінде ер адамның отбасылық жағдайларға байланысты ішімдік ішкен күйде суицидке барғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша өміріне еш қауіп жоқ.

Алдыңғы пост
Шымкент – Қазақстандағы туристер көп келетін үшінші қала
Келесі пост
Алматыда тағы да екі жөзеөкшелер үйі анықталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu