Қостанайда өрттен зардап шеккен әр отбасыға 1 млн теңгеден беріледі

Теги:
173

Қостанай облысында алапат өрттен зардап шеккен отбасылардың әрбіріне 1 млн теңгеден берілетін болды. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында жазды.

Облыс басшысы өз жазбасында Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, тұрғындарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен көмек шаралары айтып бергенін атап өткен. Кездесу сұрақ-жауап форматында өткен.

«Баршаңызға белгілі, баспанасынан айырылған тұрғындар үшін 91 үй салу туралы шешім қабылданды. Бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 13 мердігерлік ұйым айналысады. Жаңа үйлер салу орны ретінде Әулиекөл ауылындағы жер учаскесі анықталды. Әулиекөл ауылының жоспарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына жалпы ауданы 53 га жер учаскесі бар. Осы учаскеден 10 сотық учаскеде әрқайсысының ауданы 100 ш.м. тұрғын үйлер салу үшін 12 га бөлінді» делінген жазбада.

Жер учаскелері қажетті инфрақұрылыммен: су, газ, электр энергиясымен, сондай-ақ кіреберіс жолдармен қамтамасыз етілетін болады. Жер учаскелері бар жаңа үйлер өрт салдарынан зардап шеккен азаматтардың меншік құқығына беріледі.

«Құрылыс жұмыстары өзімнің жеке бақылауыммен, сондай-ақ техникалық және авторлық қадағалаумен жүзеге асырылады. Үй жануарларының қырылуына байланысты залал өтелетін болады. Ауыл шаруашылығы жануарлары бойынша залалды өтеу Әулиекөл ауданының әкімдігіне жүгінген кезде жергілікті бюджет және «Қайырымдылық КZ» қоғамдық қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады» деп жазды ол.

Өрт кезінде 14 кәсіпкерлік субъектісі зардап шеккен. Кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Залалдарды өтеу шығынды бағалағаннан кейін және кәсіпкердің тиісті растайтын құжаттары болған жағдайда ғана жүргізілмек.

«Өрт кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін облыста «Қайырымдылық КZ» бірыңғай қоғамдық қоры жұмыс істейді. Қор қаражатынан барлық зардап шеккен отбасыларға 1 млн теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды. Құжаттары толық көлемде ұсынылған алғашқы 48 адам 1 млн теңгеден карт-шоттарға ие болды. Сонымен қатар, Әулиекөл ауданына еліміздің ірі бизнес өкілдері демеушілік көмек көрсетті» деп сөзін түйді аймақ басшысы.

Алдыңғы пост
Қаржы пирамидасы: 153 адамды сан соқтырған әйелге сот үкімі шықты
Келесі пост
Басқарма басшысы: “Шымкентте БАӘ-нің Бас консулдығы ашылады”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu