507
Түркістан облысы Отырар ауданында 1946 жылы дүниеге келген ер адамның мәйіті табылды. Қария 8 маусым күні таңғы сағат 6-лар шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.
Зейнеткерді іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД және Полиция департаментінің қызметкерлері, кинологиялық есеп, волонтерлар мен туыстары жұмылдырылды. Жұмылдырылған жеке құрам саны 72 адам, 3 бірлік техника, 1 жүзу құралы, 1 кинологиялық есеп.
12 маусым күні сағат 16:20-да жоғалған азаматтың мәйіті Талапты ауылдық округі Шытты ауылындағы Арыс өзенінен 500 метр қашықтан табылды. Оны жергілікті тұрғындар тапқан.