​Пәтер алмақ болған Шымкент тұрғыны 7 млн теңгесінен айырылды

Теги:
374

Шымкенттік ер кісі баспана аламын деп танысының құрбаны болды. Жергілікті тұрғын Абай аудандық полиция басқармасына арызданған. Оның айтуынша, бір жылдан бері танитын ер кісі Шымкент қаласынан пәтер алып беремін деп уәде берген. Ол үшін 7 млн теңгесін санап алған.

«Аталған жайт Қылмыстық кодестің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ер азаматты қала аумағынан қолға түсті. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 53-те. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.

Ұсталған ер кісі бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз. Алаяқтық әрекетке қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барғанын мойындады. Алған ақшаны қарыздарына таратып жіберген. Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
​Ағзасын ауыстыру үшін Түркияға барған қазақстандық әйел ұсталды
Келесі пост
​Шымкенттік дәрігерлер тәжірибеде болмаған операция жасады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu