​Пәтерді жөндеуге келген құрылысшы үй иесін скотчпен байлап, тонап кетті

Теги:
237

Астанада пәтерін жөндетпек болған жас жігіт шабуылдың құрбаны болды. 19 жасар тұрғын полицияға арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда белгілі бір себеппен жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылысшыға ақысын бермеген. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Көрсеткен қызметі үшін ақысын ала алмаған жұмысшы агрессивті түрде әрекет еткен. Жігітті қорқытып, оны скотчпен байлаған. Кейін IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгеріпті. Полиция ер кісінің бұған дейін де ұрлық қылмысы үшін жауапқа тартылғанын анықтады.

Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдыңғы пост
Бірден үш мәселе шешіледі: жыл соңына дейін Сарыөзек тұрғындарына су, газ беріп, тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген
Келесі пост
​Шымкент қаласында дәстүрлі “Шымкент палауы -2022” халықаралық палау фестивалі өтіп жатыр

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu