Павлодарда безбүйрек ұл қарт әкесін қыстың ортасында үйінен қуып шыққан. 84 жастағы зейнеткер полицияға жүгінген. Анықталғандай, әкесі мен ұлы арасында жанжал туындаған. Сондағысы зейнеткер таба қойылған пешті өшіруді ұмытып, ұйықтап кеткен. Осы үшін отбасылық жанжал туындап, ұлы әкесін үйден қуып жіберген.
«Шақыруға келген полиция қызметкерлері ұлымен сөйлесіп, туыстары арасындағы қақтығысты шешті. 57 жастағы қала тұрғынына қорғау нұсқамасы шығарылды» деп атап өтті Полиция департаментіндегілер.
Тағы бір оқиғада 102 операторының пультіне облыс орталығының тұрғыны хабарласып, үйінде жанжал шығарған ұлына шағымданған. Егде жастағы әйел үйден көшеге шығып, бұл факт туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары келген кезде үй иесінің 39 жастағы ұлы үйде болмаған. Осы факті бойынша ұлына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін материал сотқа жіберіледі.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері полицияға отбасылық сипаттағы 7000-нан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 3600-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.