Павлодарда көпқабатты үйден өрт шығып, екі бала уланды

291

Павлодарда көпқабатты үй отқа оранды. Оқиға бүгін, 28 желтоқсан күні таңғы уақытта Ломов көшесі бойында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 9 қабатты көппәтерлі үйдің 1-қабатындағы қоқыс жинайтын орнында  шыққан. Оқиға салдарынан 22 жасар келіншек пен оның 2019 және 2022 жылы туған балалары газға уланып, ауруханаға жатқызылды. Олардан бөлек, жеңіл дәрежеде уланған 32 және 69 жастағы ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартқан.

«Төтеншеліктер 4 баланы құтқарып, 18 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 11:13-те сөндірілді. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына департаменттің 21 қызметкері мен 6 техника, құтқарушылар тобы, жедел жәрдем мен медициналық қызметкерлер жұмылдырылды» делінген ведомство мәліметінде.

Алдыңғы пост
Мүгедектікке шықпақ болған үш сарыағаштық алаяққа тап болды
Келесі пост
СҚО-да 15 жасар оқушыны көлік қағып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu