Павлодарлық тұрғын балаларға шалбарын шешіп, әуретті жерін көрсеткен

Теги:
399

Павлодарда 52 жастағы тұрғын көрші балаларға шалбарын шешіп, ұятты жерін көрсеткен. Оны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Бейнежазбаны “zhaloby_pavlodar” Telegram-каналы жариялады.

Polisia.kz мәліметінше, орта жастағы тұрғын ұсталды. Полицейлерге Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы шағым келіп түскен.

«24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, балаларына көршісі ұрысып, өзінің шалбарын түсірген. Осыдан кейін ауыл тұрғыны мас күйдегі көршісіне ескерту жасаған. Ол ескертулерге теріс жауап беріп, тағы шалбарын шешкен», – деді Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.

57 жастағы ер кісіге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

25 тамызда сот қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Батыс Қазақстанда 4 күн бұрын жоғалған студенттің мәйіті табылды
Келесі пост
Күзде Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азамат әскерге жіберіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu