303
Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді.
Ер кісінің мұндай қадамға баруына жауапсыз махаббат себеп болыпты. Сүйген қызы қарамай қойған соң ол ашу-ызамен үстіне бензин құйып, өзін өртеген.
Оқиға 30 шілде күні болған. Ер адам дереу аураханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр.
Бұл факт Қылмыстық кодекстің 105-бабы “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.