​Сабаққа дайындалмаған оқушы мектепте “бомба бар” деп жұртты дүрліктірді

210

Өскеменде терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген оқушы ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаладағы 6 мектепті жару қауіпі бар жөнінде хат келіп түскен. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмад.ы

Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесе отырып, жалған хабарлама үшін қаланың бір мектебінің 9-сынып оқушысы ұстады. Жасөспірім мектептегі тестілеуге дайын болмағандықтан, осындай әрекетке барған»,-деді ведомстводағылар.

Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл (бүгінгі күні 15,9 млн теңге) не болмаса осы мөлшерде түзету жұмысына, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына тарту көзделгенін ескертеді.

Жыл басынан бері осындай фактілер бойынша 140 қылмыстық іс қозғалған. Қылмыс жасағандары үшін 36 адам ұсталды. Олардың 17-сі әртүрлі жазаларға сотталды. Қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады, сондықтан оны мектеп оқушыларына да ескерту қажет. Сонымен қатар соттың шешіміне сәйкес, осындай хабарламаның салдарынан келтірілген залалдың барлық шығыны өтеледі.

Осы жалған шақыртуларға арнайы қызметтердің шығуына 300 мың теңгеге жуық шығын шығады, ал мекемелер мен ұйымдардың жұмысын тоқтату шығыны миллиондап басталуы мүмкін.

Осындай іс-әрекетті кәмелетке толмағандар жасаған жағдайда, шығындарды өтеу олардың ата-аналарына немесе олардың заңды өкілдеріне жүктеледі.

Алдыңғы пост
​Неліктен бизнес-омбудсмен Шымкент кәсіпкерлерін қабылдау кезінде вице-министрлерге қоңырау шала бастады
Келесі пост
​Шымкент студенттеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu