472
Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті тұрғындар заңсыз мал союмен айналысқан.
Полицейлер ветеринариялық бақылау инспекторларымен бірлесіп, мал ұрлығының жолын кесуге, сондай-ақ мал сою цехтары қызметінің заңдылығын тексеруге бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді. Нәтижесінде Сайрам ауданының аумағында тиісті рұқсатсыз және құжаттарсыз жұмыс жасаған мал сою фактілері анықталды. Жергілікті 5 тұрғыннан 6 тоннадан астам ет пен 4 бас ірі қара мал тәркіленді.
Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 406-бабына сәйкес жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясына жіберілді.