Сарыағашта ауыл тұрғыны анасы мен әпкесін ұрып-соққан

Теги: , ,
300

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында  ауыл тұрғыны өзінің анасы мен әпкесін ұрып-соққан. Оқиға Еңкес ауылындағы жеке тұрғын үйде түнгі уақытта болған.

Үйіне ішімдік ішіп келген ер кісі анасы мен әпкесін соққыға жығып, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірген. Оған Сарыағаш ауданының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында Әкімшіліқ құқықбузышылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен айып тағылды. Ол өз кінәсін мойындап, мұндай қадамға мас халде барғанын жеткізген және шынайы өкініш білдірген.

Сот отырысында жәбірленушілер мұндай жағдай бұрын да бірнеше рет болғанын алға тартып, құқықбұзушыға қатаң шара қолдануды сұрады.

Сот шешімімен ауыл тұрғыны кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды. Сондай-ақ, оған 3 ай мерзімге жәбiрленушiлерді iздестiруге, iзiне түсуге, оларға баруға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсiлдермен байланыс жасауға тыйым салу жөнінде ерекше талаптар белгіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген. Дегенмен құқықбұзушы қамаққа алынып, сот белгілеген жазаны өтеуде.

Алдыңғы пост
Мәңгілік сапта
Келесі пост
Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалмас үшін не істеу керек?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu