Түркістан облысы Сарыағаш ауданында өз үйінің ауласында есірткі өсімдігін еккен 57 жастағы тұрғынған үкім оқылды.
Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шара кезінде үйінде есірткі еккен күдіктіні ұстаған боатын. Орта жастағы әйел өсімдікті өзі тұтыну үшін өсіргенін жеткізген. Оның үйінен заттай дәлел ретінде құрамында есірткісі бар 5 түп өсімдікті тәркіленіп, сараптамаға жіберілген. Қорытындыға сәйкес оның 3-еуі сора, ал 2-еуі көкнар есірткісі болып шықты.
Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жинақталған материалдар айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Нәтижесінде Сарыағаш аудандық соты 57 жастағы сотталушыға бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады» делінген облыстық Полиция департаменті берген мәліметте.