Сауда үйіне келген әйелдің қымбат иіссуді ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

Теги:
427

Нұр-Сұлтанда Қабанбай батыр даңғылындағы сауда-ойын сауық орталығына келген әйел брендтік иіссу сататын бутикте ұрлық жасады. Ол дүкеннен 78 500 теңге тұратын «Chanel» брендінің парфюмін үптеп кеткен. Оның бұл әрекеті сауда залындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода әйел адамының сөреде тұрған парфюмді байқатпастан сөмкесіне салып, еш кедергісіз бутиктен шығып кеткенін анық көруге болады.

«Аталған фактіге байланысты «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде»,-делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
Жеті айда шымкенттіктер 112 мың куәлік пен паспорт алды
Келесі пост
Алаяққа сеніп қалған кәсіпкер депозитіндегі 15 млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu