Шардаралық балабақшада бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші тергеліп жатыр

Теги:
232

Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісінің баланы басынан және қолынан ұрып жатқан сәтінің видеосы пайда болды. Бұдан бөлек мектепке дейінгі мекеме қызметкері екі бүлдіршін қызды бір-біріне айдап салады.

«Алина бері кел, сенің қандай хақың бар, неге ұрасың біреудің қызын? Мен ұрсам жарасады. Бері кел, не істеді ?.. Сен де итеріп жібер,-дейді тәрбиеші.

Бұл Түркістан облысы, Шардара қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алғаны анықталды. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Тәрбиеші жұмыстан уақытша шеттетілді.

«Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан 5 қыркүйекте полицейлерге тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті басқармадағылар.

Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер оқиға 1 қыркүйекте орын алғанын айтты. Аталған жайт Шардара аудандық полиция бөлімінде тіркелді.

«Балабақша тәрбиешісіне қатысты “ешқайда кетпеу туралы қолхат” қолданылды. Қазіргі уақытта полиция бөлімінің тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтауда»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Алматы облысында ер кісі бұрынғы әйелін анасының көзінше 22 рет пышақтаған
Келесі пост
Шымкентте ер кісі аялдамаларда ұялы телефон ұрлауды кәсіпке айналдырған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu