Шымкент әкімі жастарды кәсіпке баулып, жұмысқа орналастырудың маңыздылығын айтты

Теги:
293

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қала жастарын кәсіпкерлік іске баулып, оларды жұмысқа орналастыру күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі екенін атап өтті. Бұл туралы ол ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының жартыжылда атқарған жұмыстары туралы есеп беру кезінде айтты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, бүгінде Шымкентте 245 мыңнан аса жас болса, оларға қолдау көрсету мақсатында 4 ауданнан жастар ресурстық орталықтары ашылып, жыл басынан бері 21 мың жасқа қызмет көрсеткен. Одан бөлек, 9 ірі сауда орталығында жастар ұйымдары құрылған. Олар кәсіпкерлікті дамыту және заңдастыру, спорттық шараларға тарту сынды бағытта жұмыс жасайды. Ал «Профновигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмыстары бойынша 56 кездесу мен семинар-тренингтер, кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылған.

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында NEET санатындағы жастар туралы тұжырымдама әзірленіп бекітілген. Жыл басынан 27 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 4 100 жас қамтылған. «Мобильді топ» 48 шалғай елдімекенді аралап, 15 мыңнан астам жасқа ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіген. 6 828 жас мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 162 жас алғашқы жұмыс орындары, 123 жас әлеуметтік жұмыс орындар, 3 623 жас тұрақты жұмыспен, 996 жастар практикасымен, 1 924 жас қоғамдық жұмыс орындарына жолданған.

«Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі. Әлеуметтік мәселені шешу үшін алдымен жұмыс мәселесін шешу қажет. Жұмыс істеймін деген жасқа мүмкіндік көп. Соны түсіндіру, жан-жақты қолдау көрсету – міндетіміз. Жастар орталықтарында осы бағыттағы жұмыстар күшейтілсін», – деді қала әкімі.

Алдыңғы пост
Шымкентте үй өртеніп, ішінен 71-дегі зейнеткердің мәйіті табылды
Келесі пост
Шымкентте такси жүргізушісінің мәйіті табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu