«Shymkent» ӘКК басшылығы 1 гектар жерді заңсыз беріп жіберген

Теги: , , ,
75

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының лауазымды тұлғалары кәсіпкерге 1 гектарды жерді заңсыз беріп жіберген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қалалық департамент басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында жазды. 

Антикор қаланың құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды әлі де  жалғастырып келеді.

“2019 жылы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы лауазымды тұлғалары тарапынан инвестициялық жобаны іске асыру үшін бизнес субъектісіне аукционсыз 1 гектар жерді заңсыз беру фактісі анықталды. Бұл жер учаскесі бұрын кәсіпкерден мемлекет мұқтажы үшін алынып, бірақ кейіннен бизнестің басқа өкіліне берілген. Тексеріс барысында аталған учаскеде салынған коммерциялық ғимаратты инвестициялық жобаға жатқызуға болмайтындығы анықталған” делінген жазбада.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органның және «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және іске асыру жөніндегі барлық шешімдері, сондай-ақ құрылысты қабылдау актісі сот тәртібімен жарамсыз деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
«Үздік педагог» атанған ұстазға 3,5 млн теңгеге жуық сыйақы беріледі
Келесі пост
Қылмыс жасап, іздеуде жүрген 200-ден астам адам Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu