Шымкент полицейлері пошта жөнелтілімдерін тексеріп жатыр

Теги: , ,
250

Шымкентте полицейлер қала аумағына есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз енуіне сенімді тосқауыл қою мақсатында  тұрақты түрде іс-шаралар жүргізіп келеді.

Бұл жолы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері бірлескен тексеру жұмыстарын жүргізді. «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында шымкенттік полицейлер кезекті іс-шараны Шымкент қаласында орналасқан «Қазпошта» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының пошта сұрыптау-тасымалдау басқармасында жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, аталған мекеменің цехінде Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік иттерінің қатысуымен өткен тексеру, пошта жөнелтілімдері арасында есірткі контрабандасын, сондай-ақ өзге де заңға қайшы заттарды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау мен жолын кесуге бағытталды.

Атап өту қажет, тексеру жұмыстары «Қазпошта» АҚ құрылымдық бөлімі мен Шымкент қаласы Полиция департаменті арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкент пен Сиань қалалары арасында ынтымақтастық артады
Келесі пост
Шымкентте лак-бояу өнімдері сақталған қойма өртеніп кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu