«Шымкент жастар лигасының» жеңімпаздарына 4 шағын автобус табыс етілді

Теги:
344

Үш жыл қатарынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Шымкент жастар лигасы» жобасының ІІІ-кезеңі өз мәресіне жетті. Финалдық ойындар қайта жаңғырып, реконструкцияланған «Металлург» стадионында өтті. Шымкенттің талай жылдық тарихына куә болған бұл стадионда жастардың спортпен алаңсыз айналысуына барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Шымкент жастар лигасы» жобасында футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен 151 жалпы орта білім беру мектептерінен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жобаның финалдық кезеңіне қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.

“Осыдан үш жыл бұрын республикада алғашқы болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірегей жобаны бастаған болатынбыз. Бұл жоба сәтті жүзеге асып, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен ата-аналардың үлкен қолдауына ие болып отыр. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыс жастарымыздың бұқаралық спортқа қызығушылығын арттырып келеді. Биыл лигаға 6 мыңнан астам оқушының қатысуы – лиганың бұқаралық сипат алғанының көрінісі” – деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

Салтанатты шарада маусымның жеңімпаздары марапатталды. Әр спорт түрі бойынша чемпион командаларға демеушілердің қолдауымен алынған 20 миллион теңгенің 4 шағын автобусы табысталды.

Атап айтар болсақ, шахмат ойындары бойынша 132 команда қатысты. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің шахматшылары топ жарып, лига чемпионы атанды. Жүлделі 2 орын – №65 мектепке, 3 орын – №68 мектепке бұйырды.

Ал спорттың волейбол түрі бойынша дүбірлі додада  129 команда бақ сынады. Финалдық ойындар тартысты өті. Командалар арасында А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының волейболшылары топ жарып, чемпион атанды. Жүлделі 2 орынды №113 мектеп оқушылары, 3 орынды №110 мектеп қатысушылары иеленді.

Футбол ойындарына қатысқан 135 командадан үздік үштік анықталды. №47 Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының футболшылары жеңімпаз атанды. Жүлделі 2-орынды №80 ІТ мектебі, 3-орынды №90 дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясы қанжығалады.

Ал спорттың баскетбол түрінен  М.Х.Дулати атындағы №8 гимназиясының командасы оқ бойы озып шықты. 2 орын – №7 мектептің, 3 орын – Назарбаев зияткерлік мектептерінен құралған командаға бұйырды.

Алдыңғы пост
Шымкенттік 10 жасар бала елордада «Тальго» пойызының млн-шы жолаушысы атанды
Келесі пост
Ақтөбеде жол апатынан 4 мұғалім мерт болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu