Шымкентте 1,1 млрд теңгені жымқырған шенеуніктер Астанадан элиталық үй сатып алған 

Теги: , ,
409

Шымкентте аса  ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған шенеуніктер ол ақшаға Астанадағы элиталық тұрғын үй кешенінен қымбат үй сатып алған.

Шымкент қаласы әкімдігі мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Жұмыс пен тауарлардың құнын жоғарылатып, жылу желілері мен электр желілерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 1,1 млрд теңгені  ұрлау жолымен қалалық коммуналдық кәсіпорнының басшылығы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Агенттік мәліметінше, шенеуніктер заңсыз жолмен тапқан ақшаны пайдаланып, Астанадағы элиталық тұрғын үй кешендерінен құны 150 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған. Тергеу сотының санкциясымен барлық мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Алдыңғы пост
Үй шатырынан құлап кеткен 6 жасар бала қайтыс болды
Келесі пост
Шымкентте 22 жасар жігітке туған ағасы бүйрегін берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu