Шымкентте 30 адамды сан соқтырған алаяқ 7 жылдан кейін ұсталды

Теги: , ,
309

Шымкент полицейлері 7 жылдан астам уақыттан бері шетелде жасырынып келген алаяқты ұстады. Ол 30 адамды жұмысқа орналастыруға уәде беріп, қомақты ақша қолына түскен соң ізін суытқан.

2015 жылдың тамыз айында полицейлер Сайрам массиві тұрғынының арызы бойынша «ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бабымен қылмыстық істі тіркеген. Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы емдеу мекемелеріне 30 адамды жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Таныстарына жұмысқа орналасуға көмектескісі келген әйел қаскүнем мен оның құрбандары арасында делдал болған. Осылайша алаяқ сенгіш азаматтардың 26400 долларын иемденіп кеткен.

Полиция мәліметінше, тергеу шаралары барысында күдіктінің бөтеннің сеніміне кіру арқылы ақша алып кеткені туралы куәгерлер де растаған. Кейінірек тағы бір арызданушы ер адамның алаяқтық әрекеттері туралы полицияға жүгініп, іс «аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық» бабына қайта сараланған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстауға бағытталған ауқымды жұмыстарды жүргізген. Жедел уәкілдер оның жүруі мүмкін барлық мекенжайларды тексерген. Күдіктінің туыстары, көршілері және оның орналасқан жері туралы хабардар болуы мүмкін 60-қа жуық адамнан жауа алынған. Алайда  қабылданған шаралар оң нәтиже бермеген.

“Өткен жылы бұл фактілерді тергеуді полиция майоры Асылжан Ирисметов қолға алған болатын.   Қаратау аудандық полиция басқармасының тергеушісі жинақталған материалдарды зерделеп, сұрастыру мен іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды. Халықаралық іздестіру нәтижесінде 49 жастағы күдіктінің Өзбекстан аумағында қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені анықталды. Желтоқсан айында ол Шымкентке депортацияланды” деп хабарлады полициядан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін ұсталған азаматтың кінәсін растайтын барлық дәлелдемелерімен қылмыстық істің 4 томы сотқа жолданған. Сот үкімімен ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алдыңғы пост
Колледж студенттерінің жалақысы 50%-ға өсті
Келесі пост
Шымкентте бала күтуші бойжеткен үй иесінің алтын бұйымдарын сатып жіберген

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu