Шымкентте атыс ұйымдастырған Өзбекстан азаматы сотталды

Теги: ,
454

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзет агенттігінің қызметкерлеріне оқ жаудырған шетелдік сотталды.

Қалалық соттың мәліметінше, 49 жастағы Өзбекстан азаматы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол  қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салсақ, жұрттың жағасын ұстатқан оқиға 20 ақпанда болған. Ер кісі  Ілияев пен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасаған. Дүкен сатушысы «дабыл» түймесін басып үлгерген. Оқиға орнына күзет агенттігінің қызметкерлері жетіп, шабуылдаушы мен олардың арасында атыс болды.

Шетелдік азамат Шымкентте пәтер жалдап тұрған. Қару-жарақ дүкенінен қару алып, банк тонамақ болған екен.

Алдыңғы пост
Шымкентте 200-ден астам отбасыға тұрғын үй көмегі тағайындалды
Келесі пост
Шымкенттің мыңнан астам тұрғыны мобильді қосымшаның көмегімен некені тіркеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu