Шымкентте бала күтуші бойжеткен үй иесінің алтын бұйымдарын сатып жіберген

Теги: , , ,
424

Шымкентте бала күтуші жас қыз үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырып, кейін оларды сатып жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығын – 1,5 миллион теңге. 

102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданып, өз шағымында жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1 млн 500 мың теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын айтқан.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінді.

Шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіліп, күдікті полиция басқармасына жеткізілді. Аталған жайт  ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткен алғашында үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізген.

Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізген. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты жас қызға кешірім беріпті.

Алдыңғы пост
Шымкентте 30 адамды сан соқтырған алаяқ 7 жылдан кейін ұсталды
Келесі пост
Қазақстандықтардың орташа жасы 32,1-ге жетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu